Құлыбаевтың компаниясына неге 13 млрд теңге айыппұл салынды?

Dalanews 02 авг. 2024 09:52 9277

Экология министрлігі Тимур Құлыбаевтың мұнай өндіруші компаниясына қоршаған ортаға зиян тигізгені үшін айыппұл салды. Сомасы да аз емес — 13 млрд теңге. Жалпы алғанда қазақстандық 1 022 компания бәрін қосқанда 40 млрд теңгеге айыппұл арқалады.   

«Биылғы бірінші жарты жылдықта Экология министрлігі 489 экологиялық тексеріс жүргізді. 1331 экологиялық заңнаманы бұзу фактісі анықталып, 860 нұсқама берілді. Осылайша жалпы көлемі 40,1 млрд теңгеге 1022 әкімшілік айыппұл салынды» делінген министрліктің жарты жылдық есебінде.

Енді кімдердің көлемді айыппұл арқалағанына тоқталсақ. Атырау облысында орналасқан екі мұнай компаниясына сомасы жөнінен ең ауқымды айыппұл салынған. Оның біреуі —Құлыбаевқа тиесілі. «Каспий Мұнай» АҚ қалдықтарды көму шегін бұзғаны үшін 13 684 868 730 теңгеге әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттеледі. Ал North Caspian Operating Company-дің Атырау облысындағы филиалы күкіртті газ жаққаны үшін 12,2 млрд теңге айыппұл төлейді. Министрлік берген ақпаратқа сүйенсек, бүгінде түрлі компаниялардан жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 884 айыппұл өндірілген.       

 


Рекомендовать
Последние новости