Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтірдім деп санамайды

Көркем Алдабергенова 22 февр. 2024 14:11 3403

Экс министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова кінәсін мойындамайтынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның сөзінше, Қуандық Бишімбаев бұл жағдайды қайғылы жағдай деп бағалап отыр.

«Ол әйелін аса  ауыр қатыгездікпен өлтірді дегенді мойындамайды. Ол әлі күнге дейін мұндай жайт болғанына сене алар емес. Ол Салтанатты әлі күнге дейін жақсы көреді. Ол әлі күнге дейін оны мейіріммен есіне алады. Ұрды, аса ауыр қатыгездікпен өлтірді деген болған жоқ», - дейді Назкен Құсайынова.

Ол Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов  айтқандай марқұмның денесінде жарақаттар болмағанын айтады.

«Иә, көзінің асты көгерген шығар. Басы жарылған жоқ, ол миына қан құйылудан қайтыс болды. субдуральды гематомадан. 1 айдай созылмалы субдуральды гематома болған.  Бірақ біздің қорғауымыздағы адам – Қуандық Бишімбаев гематома пайда болғанын білмеді, салдарынан Салтанат қайтыс болған. Ол білген жоқ. Салтанат сау болған, олар араласатын, 8 қарашада кешкі тоғыздан таңға дейін сөйлесіп отырған. Бәрі дұрыс болған. Иә, аздап ұрсысқан, бірақ төбелескен жоқ. Ол әлі күнге дейін Салтанаттың мерт болғанына сенбейді, әлі күнге дейін жылап, өкінеді. Қатты шок жағдайында болды. Бірақ өзіне тағылған айыптармен келіспейді», - дейді Назкен Құсайынова.

Айта кетейік, атышулы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде болды. Салдарынан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Ал экс-шенді қамауда отыр.


Рекомендовать
Последние новости