Бұрын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған және жоғары лауазымды қонақтар тоқтаған резиденция енді мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру орталығына айналмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ғимаратта бірнеше жатын және санитарлық бөлмелер бар. Ал айналасы жасыл желекке оранған, ағаштар мен жасанды су айдыны орналасқан. Қала әкімі атап өткендей, жаңа орталық жыл бойы жұмыс істейді.
Әр ауысым 50–60 баланы қабылдайды. Жылына шамамен 2500 жасөспірім арнайы бағдарламадан өтіп, білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады.