Қошанов масылдық психологиядан арылу жайында айтты

Dalanews 02 сент. 2022 12:43 937

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бүгін «Бетпе бет» бағдарламасында Берік Уәлиге берген сұхбатында еңбек адамдарын құрметтеу керек екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс спикері Президент Жолдауында айтылған басты бағыттарды саралап, негізгілеріне тоқталды. Сонымен қатар, Төрт түлігін түлетіп өсірген ауыл жұртының басты базынасына тоқталды.

– Жолдауда айтылған жер мәселесінің бірі – жайылым жерлер мемлекетке қайтарыла бастаған. Бүгінге дейін 3 мыңға жуық гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Бұл мәселені Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында шегелеп айтқанын жеткізді.

Президент осы мәселеге көп көңіл бөліп жүр. Жастарды еңбекке тарту мәселесіне. Бұл еліміздегі қоғамымыздағы қордаланып тұрған мәселе. Еңбекке бірінші ынталандыру мәселесі. Бізде жұмыс жоқ емес, жұмыс бар. Оған ынта керек. Мамандық алу керек. Соған адам өзі әрекеттенуі тиіс. Осыны Президент ұдайы айтып келеді. Менталитет өзгертуіміз керек.


Көрші мемлкеттердің азаматтарын қарасаңыз олар арланбай Ресейге де барып жұмыс істейді. Құрылыс жасап та өз отбасын асырайды және мемлекет экономикасына да көп көмектесіп жатыр.

Біздің Қазақстанда да еңбекке осындай көзқарас болу керек. Кешегі Аманат партиясын сьезінде де осы мәселені айттық.

Өкінішке орай қоғам, үкімет, атқарушы органдар Президенттің айтқанын іліп әкете алмай жатырмыз. Үлкен насихат жұмысы керек. Парламент депутаттары, үкімет мүшелері, әкімдер осыған баса назар аударып осымен айналысу керек. Соынң ішінде осы мүмкіндікті пайдалана отырып өзіңіздің әріптестеріңіз БАҚ-да үлкен рөлі өте зор. Журналистермен бірігіп осыны үлкен идеологияға айналдыруымыз қажет деп ойлаймын, – деді Мәжліс спикері.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына да тоқталды. Бұл – Президент тарапынан үлкен қамқорлық екенін айтты.

– Президент жердің асты-үстіндегі байлықтың халыққа тиесілі деп айтқан болатын. Ал енді Ұлттық қор сол жер қойынауындағы кірістерден түскен байлықтардан құралады.

Бұны әлеуметтік әділеттілік деп айтуға болады. Президент айтқан сөзінде тұратынын тағы да көрсетті. Бұл біздің балаларымыз үшін, үлкен өмірге дайындалуы үшін үлкен өмірге аяқ басатын алғашқы бір баспалдағы.  Президент тарапынан үлкен қамқорлық, – деді Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.


Ол сонымен қатар масылдық пен еңбек адамының арасын ажырата білу керегін айтты.

– Мен енді шынын айтса өңірде қызмет істеген кезде масылдық бар жұмысқа ынтасы жоқ адамдарды көп кездестірдім. Көбіне атаулы әлеуметтік көмекке иек артып алған. Соған телміріп отырғанын да көрдім.

Соған қарнымыз ашатын сол кезде. Олармен талай сөйлестік. Сонда олар айтады. Егер мен жұмыс істесем кірісіміз көбейіп әлеуметтік көмектен айырылып қаламыз ғой деген әңгімені айтқан азаматтар да болды. Енді біз осы психологиядан арылуымыз керек. Еңбек адамдарын құрметтеуіміз керек, – деді ол.

Рекомендовать
Последние новости