Елордада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының 90 жылдығы аталып өтті

Dalanews 28 авг. 2022 11:18 932

Нұр-Сұлтан қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының 90 жылдығына орай «Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жедел медициналық көмек әр уақытта қалалық денсаулық сақтау саласының өзегі болып қала бермек, өйткені қала тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтаудың өткір әлеуметтік мәселелерін сәтті шешу тікелей жедел жәрдем қызметіне байланысты.

Биыл жедел жәрдем қызметі 90 жылдығын атап өтуде. Бұл – қызметкерлер үшін де, еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін де айтулы күн. Бүгін Нұр-Сұлтанда осынау маңызды мерейтойға орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, елорда әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сол сияқты қалалық медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Іс-шараның ерекше қонағы ретінде Израиль ұлттық жедел медициналық жәрдем қызметінің парамедиктерді даярлау орталығының аға нұсқаушысы, Safeguard Medical компаниясының клиникалық директоры Э.Е. Вершиловский шақырылды. Ол Израиль мемлекетінің жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыру, жаппай оқиғаларға ден қою, Израиль жедел медициналық жәрдем қызметінің доктринасы туралы айтып, қан кетуді тоқтату бойынша шеберлік сабағын өткізді.


Ал Ресейден келген реаниматолог-анестезиологы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық санитариялық авиация қызметінің бас дәрігері А.В. Переверенцев «Жүрек-өкпе реанимациясының жаңа технологиялары: болашаққа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияда шұғыл медициналық көмек, Ұлттық аккредиттеу, корпоративтік басқару, менеджмент, сенімгерлік басқару, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, медициналық білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.

Конференция аясында медициналық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Озық медициналық жабдықтарды көрсету мақсатында отандық және шетелдік медициналық техниканы өндіруші компания өкілдері қатысты.

– Барлық жедел медициналық жәрдем машиналары жетекші брендтердің (WEINMANN және т.б.) заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Олардың техникалық сүйемелдеуі бар, кәсіпорын қызметкерлерін медициналық жабдықпен жұмыс істеу бойынша оқыту жүйесі де енгізілді, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

Рекомендовать
Последние новости