Қорқынышты статистика: жаңа жылдық демалыс уақытында 9 сәби шетінеген

Сағыныш Сардарова 13 янв. 2026 13:22

Ресейдің Новокузнецк қаласында жаңа жылдық демалыс уақытында 9 сәби шетінеген, деп хабарлайды Dalanews.kz

Тергеушілер Кемеров облысына қарасты Новокузнецк қаласындағы №1 перзентханада тоғыз нәрестенің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Кузбасс бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, іс Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) және 293-бабы 3-бөлігі (салғырттық) бойынша тіркелген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, кінәлі тұлғаларды белгілеу үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove