Баласының еміне деп 1,3 млрд теңге жинаған: Тотақановтарға үкім шықты

Көркем Алдабергенова 09 янв. 2026 13:06

Бүгін Астанада әлеуметтік желі арқылы ұлының еміне 1,3 млрд теңге жинаған Толқын және Дәулет Тотақановтарға қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот екеуін де интернет-алаяқтық және ақша жылыстату баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Үкім:

  • Әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • 10 жылға қайырымдылықпен айналысуға және қаражат жинауға тыйым салынды.

  • Мүлкі тәркіленеді (паркинг, 2022 жылғы Hyundai Sonata, Қосшыдағы жер телімі).

  • Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу (10 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін) және әрқайсысынан Жәбірленушілер қорына 20 АЕК өндіріп алу.

Толқынның кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан, оған жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, баланың еміне небәрі 6,4 млн теңге жұмсалған, ал қалған қаражат бәс тігуге, сән-салтанатты өмірге, жылжымайтын мүлік пен депозиттерге кеткен. Ерлі-зайыптылар өз кінәсін мойындаған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости