«Қорғас» әлдекімдердің қалтасын қампитатын орынға айналған

Dalanews 11 янв. 2022 08:34 888

Президент Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесін бастан аяқ тыңдадық. Өз кезегінде Мемлекет басшысы «Қорғас» шекаралық аймағындағы жемқорлық мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлықтың көзін жоюды тапсырды. Бұл да жедел шешуге болатын шаруа.

Пандемияның алдында Қазақстан мен Қытайдың арасындағы экономикалық аймаққа барғанымыз бар еді.

Сол кезде таяқ тастам, 7-8 шақырым жерге автобуспен жету үшін қарапайым халық 1500-2000 теңге төлеп, әлдебір топтың қалтасын қампайтып жатқанын куә болғанбыз. Ал таксиелеріңіз 4-5 мың теңге сұрайды. Жүк алып кері қайтқанда әлгілердің ақсы еселеп өсетінін байқадық.

Ал шекараның бергі бетінде Жаркенттің қарапайым таксит жігіттер экономикалық аймақ ішінде жұмыс істей аламай, салы суға кетіп тұрғанын да көрдік. Сол кезде мұндағы бизнестің бәрі «отбасына» тиесілі екен деген әңгімені құлағымыз шалып қалды. Бірақ оның шындық екеніне көз жеткзе алмадық. Көз жеткізгеніміз «Қорғас» шекаралық аймағы жемқорлыққа белшеден батқаны анық. Бұған бүгін Президенттің өзі бүгін айрықша назар аударды.


Ендігі жерде шекара маңындағы тасымалдау ісін жеке біреудің бизнесіне айналдыру ісіне жол бермеуіміз керек. Туристерді тасымалдау ісіне қарапайым такситтерде араласып, нан табуына жол ашу керек.

Кеденшілер мен шекарашылар қарпайым халықтың жүгі 50 келіден сәл асып кетсе, жүктерін лақытырып, әбігерге түсіру әдетке айналған. Ал ауыз жаласқан жемқорлар жүк көлігімен салық төлемей жүк алып өтсе, оған көз жұма қарағаны жасырын емес.

«Қорғас» шекаралық аймағы маңында бұдандан асқан жайттар жетіп артылады. Біздің айтқанымыз соны бірі ғана.

Рекомендовать
Последние новости