Қожамжаровтың қарамағында болғандар атышулы "Қорғас ісі" бойынша мойындап жауап берді

Сағыныш Сардарова 01 мар. 2024 16:47 6120

Экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бойынша қарамағында болғандар аты шулы "Қорғас ісіне" қатысты мойындап, жауап бергені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қорғас ісі бойынша" қаржы полициясы қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бірнеше адам қазірдің өзінде мойындады.

Олар қылмыстық істер бойынша айыпталушыларды азаптағанын және сотталғандарға қатысты қылмыстық іс материалдарын бұрмалағанын мойындады. Олар (Қожамжаровтың бұрынғы қарамағындағылар - еск.) жауап алуға шақырғандардың бірі іс бойынша тек куәгер болса да, өз-өзіне қол жұмсады. Тергеу аяқталуға жақын және бір айдан кейін сотқа жіберілуі мүмкін", - деп хабарлады ҚазТаг дереккөздеріне сілтеп.

Осы ақпаратты ҚазТАГ агенттігіне бірден екі тәуелсіз әрі бір-бірімен байланысты емес дереккөз растапты.

2023 жылы Қожамжаровтың қол астында болған, финполдың бұрынғы қызметкері Ұлан Мәдиев азаптады деген айыппен ұсталғаны белгілі болды. Содан кейін "Қорғас ісі" жалғасын тапқаны түсінікті еді.

 


Рекомендовать
Последние новости