Қоғам қайраткері: «Су – біздің стратегиялық ресурсымыз»

Ақтоты Жапатова 08 сент. 2025 15:55

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділда Жілқишиев халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелердің бірі – сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

— Су – стратегиялық ресурс. Президентіміз атап өткендей, біз бұл табиғи байлыққа барынша ұқыпты қарауымыз керек, өйткені оның қоры шексіз емес, — деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи ресурстарды, әсіресе суды үнемдеу мәдениеті бізде әлі дұрыс қалыптаспай отырғанын атап өтті. Бұл бағытта азаматтармен, әсіресе жастармен жүйелі түсіндіру және идеологиялық жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті.

Президент сонымен қатар суға қожайындық көзқараспен қарауды, үнемді тұтыну мәдениетін ілгерілетуді тапсырды. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық нормаларды енгізуді, су үнемдейтін технологияларды тиімді пайдалануды жүктеді.

Сонымен бірге, поливтік суды рұқсатсыз пайдалануға, құжатсыз алуға және қара нарықта заңсыз сатуға жол бермеуді құқық қорғау және атқарушы органдардың басты міндеті ретінде айқындады.


Рекомендовать
Последние новости