БҚО-да ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды

Көркем Алдабергенова 05 сент. 2025 13:15

Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сырым ауданы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол құрылысы кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды.

Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны және соның салдарынан мемлекетке 56 миллион теңгеден астамкөлемде залал келтіргені дәлелденді.

Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости