Қызылордада пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

Ақтоты Жапатова 02 сент. 2025 14:50

Қызылорда облысының прокуратурасы облыс аумағында табиғи ресурстарды өндірудің заңдылығына байланысты бірлесіп жүргізілген рейдтік шаралар нәтижесін жариялады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Қызылорда қаласы, сондай-ақ Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш және Қазалы аудандарында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 8 дерегі анықталды.

- Құқықбұзушылыққа қатысы бар күдіктілер полиция бөлімдеріне жеткізіліп, пайдаланылған арнайы техника айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта жиналған материалдар келтірілген залалды анықтау және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды, - делінген хабарламада. 


Рекомендовать
Последние новости