Қызылорда облысында екі мұғалім трансвеститтерге арналған клубқа барған

Dalanews 16 янв. 2024 09:27 1478

Қызылорда облысында екі мұғалім түнгі клубқа барған. Білім басқармасы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі. 

БАҚ-та тараған мәліметтер бойынша, екі мұғалім қысқы каникул кезінде Түркияға барып, трансвеститтерге арналған клубқа барып, артынша әлеуметтік желіге видеоны жариялап жіберген.

Артынша Желіде бұл жайтқа қатысты резонанс туып, мұғалімдер жұмыстан қуылған. Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс жасаған мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы, 5 тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз", - делінген жауапта.

Рекомендовать
Последние новости