Қазақстандық оқушылар Түркия төрінде топ жарды

Dalanews 16 янв. 2024 09:34 1060

Қазақстан командасы Түркия FIRST Tech Challenge атты жабық робототехника чемпионатында жеңіске жетті. Жарысқа 30-дан аса түрік командасы және екі қазақстандық команда, яғни Жаңаөзен және Алматы қалаларындағы Білім инновация лицейлерінің 9, 10 және 11-сынып оқушыларынан құралған Rebels and Queue командасы қатысты, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық оқушылар робот ойынында жоғары марапаттарға ие болды. Жаңаөзен қаласынан барған "Rebels" командасының 9-11-сынып оқушылары Сұлтан Бимағамбет, Бексұлтан Оғланбек, Әділет Байғұбен, Ізбазар Балғамбаров, Батыржан Орынбаев, Айбек Нұралы, Бек Ерлепес, Данияр Ысқақов және Мәди Жандосов роботтың ойластырылған дизайны мен қызметі үшін Design Award сыйлығын алды.

"Қазақстан құрамасы түрік тарапынан эксклюзив шақыру алды. Шәкірттерімнің шетелде жеңіске жетуі нағыз ұмытылмас сезім. Енді Астанада өтетін Орталық Азия кезеңіне қарқынды дайындаламыз", - дейді "Rebels" командасының жаттықтырушысы Жөндер Сүлейменова.


Айта кетейік, қазақстандық оқушылар Түркия чемпионатына жолдаманы былтыр желтоқсанда Оқу-Ағарту Министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен, USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған еді.

Рекомендовать
Последние новости