Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысы мыс бағасын шарықтатып жіберді

Кәмшат Тілеухан 09 июл. 2025 15:40

Дональд Трамп 1 тамыздан бастап бірқатар сауда серіктестеріне қатысты өзара тарифтік мөлшерлемелер деп аталатын өзгерісті  енгізу ниетін растады. Бұл туралы АҚШ президентінің 14-тен астам ел басшыларына жолдаған хатынан кейін белгілі болды. Осы жаңалықтардан кейін биржадағы мыс бағасы күрт өсіп, бүгіндері рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшылар бұған Дональд Трамптың аталған металлға салынатын баж салығын 50 пайызға көтеру туралы ниеті түрткі екенін айтады. Мыстың қазір 1 фунты 5,90 долларды құрайды.

"Біз екі айдан бұрын Қытайдағы мыс нарығындағы жағдайдың күрт қатаңдау тұрғысындағы құбылысты байқаған едік. Содан бері Қытайдағы мыс қорлары азайып, ал COMEX (АҚШ-та) мыс қорлары күрт өсе бастады. Қазір COMEX-тегі мыс қоры жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жетті,ал Қытайда көпжылдар бойы шамалы шекте болып келеді. Ал Трамп сейсенбіде алда енгізбек тарифтік шектеулер аясында мыс импортына 50% баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол фармацевтикалық өндірушілерге шетелдік өндірістегі өнімдерін ыңғайлап алу үшін бір жыл уақыт берді. Содан кейін оларға өте қомақты көлемде баж салығы салынбақ. Министрлер кабинетінің отырысында Трамп дәрі-дәрмектер, жартылай өткізгіштер мен металдарды қоса алғанда, жекелеген салаларға тарифтер енгізуді жоспарлап отырғанын растады. "Менің ойымша, біз мыс тарифін 50%-ге көтереміз", — деді Трамп журналистің тарифтердің ықтимал деңгейі туралы сұрағына жауап бере отырып. Нью-Йорктегі мыс фьючерстері Трамптың осы мәлімдемесінен кейін 17%-ға өсті, бұл 1988 жылдан бергі ең үлкен ішкі өсім және АҚШ-тағы мыс бағасының тарихи максимумын да жаңартты. Осылайша, Қытайдағы мыс қорлары шектеулі, ал АҚШ-та ол жетіп артылатын болса да, мыс тарифтерін енгізу дәл қазір уақыт бойынша өте керемет көрінеді", - дейді экономист Эльдар Шамсутдинов.

Айта кетсек, Қытай сауда министрлігі 2025 жылы 5 шілдеден бастап Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін  брендиге (алкогольді өнімдеріне) қатысты импорттық баж салығын бес жылға арттыру туралы шешім қабылдадыБұл,Hennessy,Remy Martin және Martell сияқты ірі француз өндірушілері өнімдерін қамтиды. Бұл ЕО-ның Қытай электромобильдеріне қатысты қабылдаған шараларға жауап екендігі де айтылады. Айтқандай, мыс электромобиль өндірісінде аса қажет шикізаттың бірі болып табылады. 


Рекомендовать
Последние новости