Қырғызстанда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды

Көркем Алдабергенова 22 янв. 2025 10:02 345

Қырғызстанда бетті жабатын киім киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпарат ел президентінің ресми сайтында жарияланды.

Заң қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киімді кию үшін жауапкершілік қарастырады.

Осылайша, Заңның 1-бабында Қырғыз Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне төмендегідей жауапкершілікті көздейтін өзгерістер енгізу қарастырылған:

– азаматтың жеке басын тануға мүмкіндік бермейтін киімді мемлекеттік билік органдары мекемелерінде және қоғамдық орындарда кию үшін, еңбек немесе қызметтік міндеттермен байланысты киім мен медициналық көрсеткіштерге байланысты бетті жабатын киімдерден басқа;

– ар-ождан және дін бостандығын жүзеге асыру құқығына кедергі келтіру немесе оны жүзеге асыруға мәжбүрлеу, психологиялық және физикалық әсер етуді, өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылықты немесе мұндай зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы, соның ішінде басқа діндерді ұстанушыларды, дінге бейтарап адамдарды немесе атеистерді өз дініне тартуға бағытталған әрекеттер үшін;

– қарттар мен мүгедектер үйлерінде, түзету мекемелерінде немесе тергеу изоляторларында, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Қарулы Күштері құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелерінде діни рәсімдер, жиналыстар және басқа да діни іс-шараларды шетелдік діни ұйымдардың дін қызметкерлері мен уағызшыларының қатысуымен өткізу үшін;

– діни ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды тұлғаларының қызметіне араласуы үшін;

– діни әдебиеттерді, басқа да діни баспа, аудио және бейнематериалдарды, ақпарат тасымалдаушыларға қарамастан, қоғамдық орындарда, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарда, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында, діни мақсаттағы объектілерден басқа жерлерде, сондай-ақ тұрғын үйлерді аралау арқылы тарату үшін.


Рекомендовать
Последние новости