Қырғыз жігітіне қол көтерген боксшы Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды

Dalanews 25 июл. 2023 01:19 884

Бұл жөнінде Қазақстанның органдардың құқықтық статистика және арнайы есеп порталында жарияланды. Қазақстан ІІМ сайтында күдіктінің екі күннен бері іздестіріліп жатқаны жазылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қылмыстық-процессуалдық заң талаптарына сәйкес аталған азаматқа мемлекетаралық іздеу жарияланды" делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Шілде айының ортасында қолында бала ұстаған сәбиді ұрып жатқан видео әлеуметтік желіде тараған.

Қырғызстан СІМ мәліметінше, оқиға 18 маусымда Астанадағы MEGA Silk Way орталығында болған. 13 шілдеде соққыға жығылған қырғыз азаматы Астанадағы Қырғызстан елшілігіне шақырылған.

Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сунтаев қырғыз азаматын ұрған жігіттің қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов екенін мәлімдеді. Спортшыға "бұзақылық" бабымен іс қозғаған.


Жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында Шүменов "ұрмағанын, өзін қорғағанын" айтқан.

Алайда видеода қолында бала ұстаған жігітке қарсы тап беріп, ұрып жатқаны көрінеді. ІІМ спикерінің сөзінше, бала зардап шекпеген, оқиға кезінде спортшы сау болған. Бірақ жәбірленуші оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.

Бейбіт Шүменов – қазақстандық кәсіпқой боксшы. Ол WBA бойынша ауыр салмақтан әлем чемпионы болған.

Рекомендовать
Последние новости