Қырғыз балуаны тәжік спортшысының анасының еміне 50 мың рубль берді

Dalanews 14 февр. 2022 04:51 959

Мәскеуде өткен Hardcore Fighting Championship MMA жарысында қырғыз балуаны Нұрланбек Марсел қаламақысының жартысын тәжік Камариддин Хасановтың анасының еміне берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Тәжікстанның карате бойынша спорт шебері және соңғы екі жылдан бері белдесіп жүрген Камариддин Хасанов 10 ақпанда өткен турнирден кейін Нурланбек келіп, 100 миң рубль қаламақысының жартысын анаңның еміне бергенін айтты.

33 жастағы тәжік спортшысы Нұрланбек Марселдің бұл әрекеті екі өлкенің шекара маңында тұратын халықтың татуласуына себеп болуы мүмкін деп атап өтті.


Камариддин Хасановтың қатерлі ісік індетіне шалдыққан анасы Мәскеуде емделіп жатыр.

Камариддин анасының операциясына 3 миллион рубль қажет екенін айтқан.

 

Рекомендовать
Последние новости