Қырғыз арнайы қызметі: Бішкектегі терактіні ұйғыр террористік тобы ұйымдастырды

Dalanews 07 сент. 2016 03:51 896



Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігінде болған терактіге қатысы бар деген күдіктілердің аты-жөндерін анықтаған.






Террорист-жанкешті «Мицубиси Делика» автокөлігімен Қытай елшілігінің батыс бетіндегі сыртқы қақпасын соғып, дипломатиялық өкілдіктің аумағына кіріп, көлікте орнатылған жарылғыш затты жарып жіберген. Нәтижесінде елшілік ғимараты айтарлықтай зардап шекті. Елшілікте бағбан болып жұмыс істейтін Қырғызстанның екі азаматы жарылыстан көз жұмды.
Тергеу ісі терактіге тапсырыс берген Сириядағы «Жабхат ән-Нусра» террористік ұйымына қосылған ұйғыр террористік тобы деп атады. Оның шабармандары «Жамаат Таухид ва жихад» халықаралық террористік ұйымының жетекшісі Абу Салоха (Сирожиддин Мұхтаров, 1971 жылы туған, Кашкар-Кыштак ауылы, Кара-Су ауданының тумасы, мемлекетаралық іздеу жарияланған) арқылы іс-қимылдар жасайды.

Қырғызстанның арнайы қызметі терактіні ұйымдастырған деген күдікпен бас адамның ұсталғанын, төртеуіне іздеу жарияланғанын айтады. Террорист-жанкештіге қатысты, ол 33 жаста, ұлты ұйғыр, Тәжікстанның төлқұжаты болған. Төлқұжат 1983 жылы туған Зоир Халиловтың атына берілген. Террористің өзі «Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы» ұйымының мүшесі болған деп нақтылайды арнайы қызмет.

Арнайы қызметтің мәліметі бойынша, терактінің басты ұйымдастырушысы Иззотилло Саттыбаев (лақап аты Али), 1991 жылы туған. Ол – Ош қаласының тумасы, ұлты өзбек, Сирияда террористердің қолында арнайы жаттығудан өтіп келген. Сонымен бірге арнайы қызмет террористерге көмектескен бірнеше адамды ұстағағанын мәлімдеді.

[caption id="attachment_19692" align="aligncenter" width="987"]қырғыздар қырғыздар[/caption]



Рекомендовать
Последние новости