ҚБТУ ғимаратын арзанға сатып алған Динара Құлыбаева университетті мемлекетке қайтаруға дайын

Көркем Алдабергенова 28 мар. 2024 14:57 6400

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші Динара Құлыбаева ҚБТУ ғимаратын мемлекетке қайтаруға дайын, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Orda.kz мәліметінше, былтыр күзде Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ісіне қатысты сот басталған болатын. Істі Алматының прокуратурасы қозғаған болатын. Динара Құлыбаева басқаратын қор ешқандай заңсыз әрекет болмағанын айтады. Қаңтарда сот медиацияны жүргізу үшін процесті тоқтатқан болатын.

Университет «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорына» тиесілі. Ал қорға Динара Құлыбаева басшылық етеді. 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пайда болған Қазақстан-Британ техникалық университеті 2003 жылы «Қазмұнайгаздың» активтерінің бірі болған еді. Ұлттық компания 15 жыл бойы университетке иелік еткен.

Ал 2018 жылы 11,37 миллард теңгеге «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорына» сатылып кеткен. Прокуратураның нұсқасы бойынша, қор 2018 жылы «Қазмұнайгаздан» университетті заңсыз сатып алған.

Прокуратура ең алдымен университет ұлттық компаниядан Құлыбаеваның қолына арзан бағамен өтіп кеткен деп санайды. Бағаны Baker Tilli Kazakhstan Advisory инвестициялық брокерлік компаниясы қойған.

Алматы прокуратурасы келіспейтін екінші нәрсе – алты жыл бұрын жасалған мәмілеге қатысты. Мәміла барысында процесте «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» жеңіске жеткен. Прокурорлар мәміле формалды түрде өткізіле салғанын, процеске қормен бірге қатысқан қалған екі компания «Юг» басқару компаниясы» мен AGDS Group – біркүндік компаниялар болған.

Дегенмен Құлыбаева басшылық ететін қордағылар Алматыдағы университеттің ғимаратын мемлекетке қайтаруға дайын екенін мәлімдеген.

«Мемлекеттің тарихи шешімдері қабылданған, атап айтқанда Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылған ғимараттың мәдени құндылығын ескере отырып, үлескер ғимаратты өз еркімен мемлекет меншігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл ретте университетке білім беру лицензиясын және оқу процесін жүргізу үшін сенімгерлік басқару шарттарымен осы ғимаратта уақытша тұру қажет. Осыған орай, қор мемлекеттік ғимараттарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде ЖОО-ларға қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мақсатында акциялардың 5 пайызын мемлекет меншігіне өтеусіз беруге дайын», - делінген қор хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Құлыбаеваның француз Альпісінде қымбат резиденциясы туралы жазған болатынбыз.

​​"Выход к морю" арнасының деректеріне сүйенсек, Динара Құлыбаеваның француз Альпісінде құны 15 миллиард теңге тұратын үйі бар болып шыққан.

"Межев - Францияның оңтүстік-шығысындағы, Альпінің етегіндегі шағын қала, онда небәрі 3 мың адам тұрады. Бұл елдің ең танымал қысқы курорты саналады. Бұл жер Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры директорының бірінші орынбасары Светлана Мырзабекованың активтері туралы ақпараттардан белгілі. Оның бұл жерде құны 1,67 миллион еуро тұратын, яғни Esкape Residence кешенінде үш бөлмелі пәтері бар. Бұған жақын жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының директоры Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур иелік ететін Белрив қамалы орналасқан", - деп жазылған деректе.

"Выход к морю" мәліметінше, Бельрив сарайының тұрғындары қысқы спорт түрлерін жақсы көреді. Бұрынғы президент Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның Альпідегі резиденциясы да сол Межев қаласында орналасқан.


Рекомендовать
Последние новости