ҚазҰУ ғалымдары «ақылды» күн батареяларын ойлап тапты

Dalanews 07 янв. 2017 02:51 1004

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Экспериментальді және теориялық физика ҒЗИ» ғалымдары қала жағдайына бейімделген, ауаны ылғалдандырып, шаңды жинайтын резервті фотоэлектрикалық генераторды таныстырды, - деп хабарлайды «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі. Жобаның жетекшісі – т.ғ.к., доцент Л.В. Михайлов.

Жоба авторлары күн панелін тұрғын үй немесе әкімшілік ғимараттарының алдына қоюды ұсынады. Энергияны тұтынушы кез келген адам құрылғының режимін үйдің терезесін ашып-ақ ауыстыра алады. Айталық, жаз-қыс режимі оп-оңай ауыстыруға. Аталмыш жүйе қоршаған ортаның қандай да бір бүлінуінен, батпақ пен шаң-тозаңнан өзін автоматты түрде таза ұстайтынымен ерекшеленеді. Себебі күн батареяларының беткі қабаты өздігінен тазаланып тұрады. Осылайша ҚазҰУ ғалымдары ойлап тапқан жаңа күн панельі осынған дейінгі құрылғыларымен «ақылдылығымен» ерекшееніп тұр.

Сонымен қатар, фотоэлектрикалық құрылғы қыс мезгілдерінде қосымша ғимараттағы жылылықты сақтаса, жазда күннің шамадан тыс қызуынан қорғайды.

Бүгінде жобаның алғашқы нұсқасы дайындалып, құрылғының нобайы, тәжірибелік алғашқы нұсқасы жасалып, құжаттары дайындалған.

 

Рекомендовать
Последние новости