Қазпоштаның басшысы Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Көркем Алдабергенова 08 июн. 2025 14:15

Әсел Жанасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қызметке дейін ол 2022 жылдың қазан айынан бастап «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.

Оған дейін 2020 жылдың шілдесінен Сауда және интеграция вице-министрі, ал 2018 жылдан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) цифрлық технологиялар бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарған еді.


Рекомендовать
Последние новости