Қазақстандық оқушы Гонконг университетінен шақырту алды

Ақтоты Жапатова 10 июл. 2025 12:37

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 10-сынып оқушысы Әдемі Ғабитқызы Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Гонконг білім университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Университет оның білім беру технологиялары мен жасанды интеллект саласындағы білімін жоғары бағалады.

Гонконгқа сапары барысында Әдемі университет басшылығымен және жасанды интеллект саласының жетекші мамандарымен, атап айтқанда доктор Гэри Ченг пен доктор Генри Со мырзамен кездесті. Ғалымдар қазақстандық оқушының ойлау жетіктігіне, логикасына және терең дайындық деңгейіне таңданыс білдіріп, РФММ-де берілетін білімнің жоғары деңгейін атап өтті.

Әдемінің жетістігінің арқасында Гонконгтағы академиялық орта Қазақстан оқушыларының дарындылығы және елдегі үздік оқу орындарының бірі қалыптастырып жатқан зияткерлік орта туралы айта бастады.


Рекомендовать
Последние новости