Қазақстандық блогерлер қазынаға 200 миллион теңге салды

Dalanews 18 янв. 2024 04:45 1220

Қазақстанда 400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 млн теңгеден астам салық төлеген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамаубаев егер блогерлердің жұмысы кәсіпкерлікпен байланысты болса, салық төлеуге мідетті екенін атап өтті.

"Мұндай жағдайда қарастырылатын арнайы салық режимдері бар. Олар 1 пайыздан 4 пайызға дейін. Егер де блогерлердің жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, оларға ешқандай сұрақ туындамайды және салық төлемейді", - деді Жамаубаев.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық блогерлердің тізімі қыркүйек айынан бастап Ақпарат министрлігі кірістер комитетіне берілетінін хабарлаған еді. Бұл арқылы әлеуметтік желіде жалған ақапарат таратқан инста-жұлдыздарына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатыны айтылды. Сонымен қатар кәсіпкер ретінде тіркелгендер де салық төлейтіні ескертілді.

Рекомендовать
Последние новости