Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова және Роза Рымбаеваға православие ордені не үшін берілді?

Dalanews 18 янв. 2024 04:27 1513

Әдетте танымал қазақстандықтардың қандай да бір марапат алуы қызу талқыға түсіп жатады. Бірақ бұл жолы Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова мен Роза Рымбаеваға "Бейбітшілік пен Келісім" ордені берілгенін ешкім аңғармай қалған сыңайлы. Дегенмен оларды марапаттау қатар-қатар жүргізілген: 15 желтоқсанда награданы Олжас Сүлейменов алса, Бибігүл Төлегенова 31 желтоқсанда, ал Роза Рымбаеваға 9 қаңтарда берілді. Ал "Бейбітшілік пен Келісім" ордені - Қазақстандағы Православие шіркеуінің жоғары наградасы. Бұл марапатты әдетте кімдер алады? Orda.kz редакциясы анықтап көрген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлі "жас" награда


"Бейбітшілік пен Келісім" - "Мир и Согласие" ордені - республикамыздағы православие шіркеуі беретін бірнеше марапаттың бірі. Жалпы Қазақстанның Митрополиттік округінің мәліметінше, бұл - әлі "жас" орден. Ол алты ай бұрын пайда болған және бірден жергілікті православие шіркеуінің марапаттау жүйесіндегі басты марапат болып саналды. Неліктен? Себебі марапат елдің басты құндылығымен байланысты екен.

Қазақстан Митрополиттік округінің ақпараттық бөлімінің басшысы, протоиерей Евгений Ивановтың сөзінше, еліміздегі құндылықтарды дамыту - награда берудегі мақсаттың бірі. Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова мен Роза Рымбаеваға қатысты жағдайда ең алдымен олардың шығармашылығына қатысты болған.

"Олар өнер көрсеткенде, сұхбат бергенде өнер иелері бейбітшілікті, келісімді, рухани құндылықты сақтауды насихаттайтынын байқаймыз. Олар әрқашан мәдениет те, ғылым да, өнер де біріктіруші факторлар екенін атап көрсетеді. Яғни, олар сөзбен емес, іс жүзінде осы құндылықтардың дамуына үлес қосып жүр", - дейді Иванов.


Оның айтуынша, "Бейбітшілік пен Келісім" ордені ең алдымен зайырлы адамдарға арналған, өйткені діни қызметкерлер үшін өз наградалары бар.

"Бізде діни қызметкерлерге арналған марапаттар бар, олар әдетте біздің қазақстандық әулиелеріміздің есімімен аталады", - деп түсіндірді Иванов.

Рекомендовать
Последние новости