"Сапа жоқ, ал ақша далаға кетті...". Депутат Сатаевтың фильмін іске алғысыз қылды

Dalanews 18 янв. 2024 04:00 1269

Танымал блогер, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қазақ киносының жай-күйін сынап, мемлекет бюджетінен қыруар қаржы далаға кетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, 2019-2023 жылдар аралығында отандық 100 фильмге шамамен 23 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржы 100 пайыз игерілген. Есебі тапсырылып, кино да түсірілген. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді екен. Осы орайда Мұқаев нақты мысалдар келтірді.

"Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылардың көбі "өз араларында" қалып жатқандай көрінеді. Өйткені Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері не сұранысқа, не халық тарапынан қолдауға ие емес. Тіпті халық қазынасындағы қаржыны миллиондап құмға құйып жатқандаймыз.

Ахан Сатаев (Ақан Сатаев) - продюсер, режиссёр, актёр - биография - актёры  Ближнего Зарубежья - Кино-Театр.Ру

"Satai film түсірген "Боксшы" фильміне 900 млн. жұмсалса, кассалық жинақ - небәрі 25 млн. теңге.

Фильмнің идеясы, Олимпиада чемпионы Сәпиев туралы екенін білесіздер. Бірақ кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер сыйлай алмады.


Сондай-ақ, Медет фильм түсірген "Лето 1941-го" отандық киносына 700 млн. қаржы бөлінсе, оның 2 миллионы ғана қайтарылған. Бұл кеткен шығыннан 350 есеге аз. Және де "Жизнь" фильміне 500 миллион кетсе, небәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеппен кинотеатрлардағы билеттің бағасы 2000 теңге болса, онда бұл фильмді 325 адам көріпті-міс. Сонда сіз болып, біз болып "Жизнь" деген фильмге бюджеттен жарты миллиард кетіріп, 325 адам көру үшін ғана түсірдік пе?!" - дейді ол.

Дәулет Мұқаев Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде пайдаға шыққаны тек "Досмұқасан" екенін айтты.

Рекомендовать
Последние новости