"Қазақстандағы зайырлы жүйені құлатуды көздеген". ҰҚК қауіпті қылмыстық топты құрықтады

Dalanews 16 нояб. 2023 04:24 1070

ҰҚК Астана, Атырау және Жезқазғанда радикалды діни топтың 12 мүшесі ұсталғанын хабарлады деп жазады Dalanews.kz. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) сәрсенбі күні республикада төңкеріс жасамақ болды деген айыппен бір топ адамның қамауға алынғанын хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 15 қарашада Бас прокуратурамен келісе отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтың ұяшықтарын анықтап, ауқымды жоспардың жолын кесті", - делінген мәлімдемеде.

Ұсталғандар терроризмді насихаттады, экстремистік топ құрды және оның қызметіне белсенді қатысты деген күдікке ілінді.

"Топтың 12 мүшесі бір уақытта ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар Қазақстандағы зайырлы жүйені құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратып, ұйымға жаңа жақтастарын тартқан", - делінген хабарламада.


Мәлімдемеде күдіктілердің үйлерін тінту кезінде құқық қорғау органдарының тыйым салынған әдебиеттер мен айғақтарды тапқаны айтылған.

«Топтың бірқатар мүшелері ауыр қылмыс, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық және зорлау-зомбылық жасағаны үшін сотталған», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Қазақстан, еліміздің конституциясына сәйкес зайырлы мемлекет.

Рекомендовать
Последние новости