Қазақстандағы салафизм: Бұл қазақты құрту

Жарбол Кентұлы 21 июн. 2024 13:20 6304


Қазіргі таңда салафизм қазақ қоғамына іріткі салып отырғанын елдің көбі айта бермейді, себебі бұл ұят болып саналады. Ал негізі мұндай құбылыстың барын, олар жоққа шығара алмайды.

Діни көзқарастары бір біріне сай келмегендіктен кейде ағайындылар бір бірімен араласудан қалған. Сол себептен кейбір бақылаушылар бұл мәселені күлі қоғам болып шешу керектігін айтады.
Жасы 50 таяп қалған мақсат жас кезінен діни білім алып, исламға бет бұрған. Қазіргі кезде ол ауылдағы мешіттердің бірінде имам қызметін атқарады.

Мақсаттың бір інісі мен бір немере ағасы да дінге берілген, бірақ олар Мақсатты ұнатпайды. Сақал жіберіп, қысқа шалбар киетін ағайындылар Мақсаттың әрекетін жиі сынайды, оның айтқанын жоққа шығаруға тырысады. Себебі Мақсат қазақтың сал-дәстүрінен бас тартпайды,дәстүрлі ханафи-масхаб ағымын ұстанады. Ал оның сақалды ағайындылары салафизмды ұстанғандар. Осының нәтижесінде ағайындылар жиі сөзге келіп қалады.


Туысқандар арасында ынтымақтастық болсын деп ата-аналары олардың қарама-қайшы келетін дүниелеріне мән бермеуге тырысады, бірақ өздері діннен хабарсыз олғандықтан кімдікі дұрыс, кімдікі бұрысы екенін айта алмайды. Сырттан олардың ауыз біршілігі жоғалып бара жатқанын көрген аналар іштен тынады. Сөйтіп өмірлері өтіп жатыр.
Мұндай жағдайды басынан қоғам белсендісі Жанат Қазақпайды бастан кешіргенін айтады.Сол себептен ол бұл өте қауіпті құбылыс дегенді айтады.


«Екі ағайындыларым бар, сондайға кіріп кеткен. Туған інілерінің тойына келмей қойды, өйткені інісі кәпір, дінге кірмеген, намаз оқымайды. Қазақта ондай болған жоқ қой. Қазақта ең бірінші бауыр турады, ұлт тұрады. Басқаның бәрі содан кейін тұрады. Бұлар дінді жоғары қойып отыр. Олар өз сөзінде «қазақ бауырларым» деп сөйлемейді, олар «мұсылман бауырлар» деп айтады.

Егер қандайда бір соғыс болса, әрине, оның беті аулақ, бірақ қандай да бір соғыс болса, олар кәпір деп дінге кірмеген, өз діндестерінің қорғайтын болса, ол өз бауырын атып тастайды. Міне қауіп осында жатыр. Олар қазақтың салт-дәстүріне қарсы шабуыл жасап жатыр. Бұл қазақты құрту. Біз тоқтатуымыз керек, себебі бұл өте қауыпты дүние. Ішімізге кіріп, ішімізден ірітіп жатыр.

Сол себептен біз күллі қоғам болып күресуіміз керек мұндай қауіпті дүниемен»,- дейді қоғам белсендісі.
Мамандардың айтуынша, мұндай қауіпті дүниелер Қазақстанға 1990 жылдардың аяғында келген.Сол кезде қабылданған дін туралы заң осындай ағымдарға қолайлы болды. Нәтижесінде саясаттанушы Есенжол Алияровтың пікірінше, түрлі діни ағым өкілдері жастар санасыз ұлай бастады.


«1991 жылы біз егемендік алғаннан кейін біз бостандықты дұрыс түсінбедік. Діннің түрі көп, түрлі ұғымдары, ағымдары бар, біз оған көңіл аудармадық. Мысалы, біз дінге барған адам инабатты, иманды, мейірімді, кешірімді болады деп ойладық. Ал оның басқа да ағымдары барына біз көңіл ауармадық, Секта, дін атын жамылып, басқа мақсатты көздейтіндер болды. Біз соларға еркіндік бердік, либералды заң қабылдадық. Нәтижесінде Қазақстанға түрлі ұйымдар келіп, қазақ жастарының сана сезімін жаулай бастады»,- дейді саясаттанушы.


Санасы жауланған жастар қатыгез бола бастады. Олар дініге бет бұрмаған ата-аналарын сыңға алып, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрге күмән келтіре бастады. Мұндай жастардың санасын билегенде көп әйел алуды, хиджабты насихаттай бастады. Бақылаушылардың пайымдауынша, мұндай көзқарасты көп жағдайды салафизмді ұстанғандар қолдады. Ал негезі салафизм – діннің алғашқы құқықтық және рухани бастауларына қайта оралуды көздейтін сунниттік исламдағы консервативті ағым. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда салафизм бірнеше факторларға байланысты қауіп ретінде қабылданады, яғни кейбір салафизм топтары радикалды идеяларды насихаттап, жастардың радикалдануына себеп болуы мүмкін. Бұл экстремистік жасушалардың пайда болуына және террористік әрекетке әкелуі ықтимал.


Сонымен қатар салафизм көбінесе исламдағы түрлі секталар арасында шиеленіс пен қақтығыс тудырады. Көптеген этникалық және діни топтардың отаны болып саналатын Қазақстанда мұндай шиеленіс әлеуметтік және мәдени алауыздықты ушықтыруы мүмкін.
2021 жылы жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда ислам дінін ұстанушылардың саны 15 миллион адамнан асып жығылады. Осы 15 миллионан астам адамның 12 миллионын қазақтар құрайды екен. Жыл өткен сайын Қазақстанда дінге бет бұрғандар көп, дегенімен теолог мамандар дінді түсінушілер көп емес дегенді айтады.
«Бізде 20 миллион халық бар, соның 13 миллионы мұсылман. Осы 13 миллион халықтың тек 4-5 пайызы намаз оқыды, болды. 95 пайызы, оның ішіндегі 60-70 пайызы жұма намазға барады, шелпек пісіреді, ораза тұтады, бірақ олар бес шартын орындап отырған жоқ. Олар толыққанды мұсылман емес, сондықтан адасушылық, надандық деген шыға береді. Ал негізінен, жалпы халқымыз, еліміз діни сауатсыз. Діни сауат болмағандықтан анау ананы айтты, мынау мынаны айтты деп алып кете береді», - дейді тарихшы әрі теолог Мерхат Мадияров.


Жыл сайын ораза тұтып, намаз оқитын Қазақстан азаматтарының біріне Мадина Боранбаева жатады. Дінге ол тұрмысқа шыққаннан кейін келгенін айтады. Жасы 30 толмаған жолдасы сақал қойып, пайғамбардың тұра жолымен жүруге тырысатындардың бірі. Сол себептен Мадина ата-енесінен бөлек тұрады, себебі қайын атасы Кеңес заманынан арасында тойлағанда ішімдік ішеді, намаз оқымайды. Бұл Мадинаның жолдасының түсінігіне мүлдем қайшы келетін дүние, сол себептен олар қатты араласпайды. Мадина жолдасының айтқанына көнгенімен оның балаларына қоятын шектеулермен әрең келіседі. Соның салдарынан олар ажырасып кете жаздаған.


«Мәселен, мен тұңғышыма жаңа жылдық шыршаның не екенін көрсетпедім. Өйткені ол шариғатқа сай келмейді. Өз ата-анам тұңғыш балам дүниеге келгенде оған бөлмесіне кілем сыйлады, кілемге мультфильмдегі қасқырдың суреті бар. Жолдасым сол кілемді төсетпей қойды. Балаларым әкесіз өспесін деп, барлығына көніп келемін, бірақ болашақта қалай болатынын білмеймін»,- дейді Мадина.
Бақылаушылардың пікірінше мұндай түсініспеушіліктің алдын алу үшін, дінге беріліп кеткен азаматтар қоғамға іріткі салмас үшін мемлекет заңдарын қатаңдату керек.
«Жұмыс кешенді түрде жүргізілу керек. Алдымен заңды қатаңдату керек және халықтың білім деңгейін көтеру қажет. Ол үшін біз бар жауапкершілікті тек білім беретін мұғалімдарге ғана артып қоймай, ата-аналар да кірісуі керек. Үйде балаларымызға: діннен қандай қауіп, қандай зиян барын, біздің еліміз даму үшін не керектігін айтып отыру керек. Ал негізінен білім керек! Білім ғана бізді көп дүниеге жеткізеді, көзімізді ашады. Мысалы, адамның екі көзі бар. Бірі біздің бетіміздегі көз, екінші көз біздің санамызда. Сананың көзін білім ашады. Сананың көзі шексіз дүниелерді көреді. Білімнің күші құдайдың күші-құдайдың күші білімнің күші. Білім тең Құдай, деп жазып қояр едім барлық жерге. Себебі білімнің күші шексіз, құдайдың күші шексіз. Мысалы, «Мерседес» машинасын ойлап тапқан Бенц деген адам машинаны ойлап таппас бұрын көрген жоқ қой машинаны, бірақ ол ойлап тапты ғой машинаны. Бірақ ол машинаны санамен көрді. Сананың көзін білім ашып отыр. Біз санамызды дамыта берсек, санамыз кеңее береді»,- дейді қоғам белсендісі Жанат Қазақпай.


Ал тарих пәнінің мұғалімі Фаризат Алипбаева қазақстандықтарды әсіре діншілдіктен сақтанған жөн деп санайды.
«Елімізде белең алған діни радикализм, ислам дінінің атын жамылып ұлттық рухты өшіруге, ұлттық құндылығымызбен, ата салт-дәстүрімізді, төл мәдениетімізбен, қазақ тарихын жоюға тырысуда. Қазақ еліне араб шейхтерінің сасық идеологиясын енгізіп, жастардың санасын ұлауда. Бұл туралы президент Тоқаев та, министр Аида Балаева да әсіре діншілдікке жол жоқ деген еді. Түсіне білгенге, тарихты оқығандарға, алаш қайраткерлері намаз оқымай-ақ, ұлтының азаттығы, қазақ елінің бостандығы үшін күресіп, жандарын қиды. Бұдан шығатын қортынды: құдайға құлшылық етіп, намаз оқыса әркім өзінің қара басы үшін немесе отбасы үшін ғана оқыды. Қоғамға, халық пен мемлекетке тиетін пайдасы жоқ. Сондықтан өзімізді әсіре - діншілдіктен сақтайық!»,- дейді ұстаз.
Публицист, жазушы әрі қоғам белсендісі Бекнұр Досжанның ойынша, әлем бойынша діни экстремизм мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.


«Діни экстремизм дүниежүзіндегі өте қауіпті дүние болып кетті.Оны біз көрші Ресейде болған жағдайдан көре аламыз. Қандай қиын жағдай болды,олда діни экстремизм, Сирия сияқты елдердегі жағдай қандай қиын. Кейбір елдерде халифат құрамыз деп, сол елдің азаматтары жан-жақа қашып жатыр. Ондай елдерде бір ғана діннің үстемділігі жүреді. Біздің мемлекетте ондай жоқ, осы бағытта мемлекет көп жұмыс істеп келеді, әлі де істеу керек, себебі осыдан біраз жылдар бұрын бізде де түрлі оқиғалар орын алған болатын. Қазір реттеліп келеді, бірақ әлі де жұмыс істеу керек осы бағытта»,- дейді Бекнұр Досжан.
Автор: Сара Сыздық

 


Рекомендовать
Последние новости