Мусин "Токио" деп шалыс басса да Қазақстанның интернеті Ресейден алда боп шықты

Сағыныш Сардарова 18 июн. 2024 11:48 3443

Экс-министр Бағдат Мусиннің "Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озды" деген мәлімдемесі біраз уақыт ел арасында қызу талқыға түсіп еді. Мусин кетсе де Қазақстанның интернеті Ресейден алда болып шықты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде байланыс сапасын одан әрі жақсарту барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, Қазақстанда интернетті қолдананатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде. Республикада трафиктің өсуі 2020 жылға қарағанда 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өсті.

Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, еліміз интернеттің орташы жылдамдығы бойынша – 43,6 Мбит/с, әлем бойынша 66-орында. Бұл Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан жоғары көрсеткіш.

Мәдиев Қазақстандағы 6 290 ауылдың ішінде сымды интернет арқылы оптика 2 606 ауылға жеткізілгенін мәлімдеді. Енді 3010 ауылға оптикалық байланыс желілерін қосу көзделуде. Нәтижесінде 2,4 млн адамның интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етілмек.

"Байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестиция тарту көзделіп отыр. Мобильді интернет бүгінде 4 866 ауылда қолжетімді. Салық жеңілдіктері аясында 2023 жылы 1 161 ауыл 4G технологиясына қосылды. Қалған 1 424 ауыл бойынша жұмыс жалғасуда", - деді министр.

Ал Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту бойынша жұмыстар жалғасады.

"Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 млрд теңгеден астам инвестиция салатын болады", - делінген министрдің есебінде.


Рекомендовать
Последние новости