Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға Путин араласқан

Dalanews 15 авг. 2023 05:58 1142

"Росатом" корпорациясы Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды. "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев РФ Президентімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

"Росатом" корпорациясының басшысы Алексей Лихачев Ресей президенті Владимир Путинге Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жазды.

Ол сондай-ақ Ресей уран қоры бойынша екінші орынға шыққанын және ядролық отын цикліндегі қайта бөлу бойынша үштікке кіргенін айтты.

Айта кетейік, Буденовское кен орны - 1970 жылдары ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

Кен орнының екі учаскесіндегі алғашқы технологиялық ұңғыма 2021 жылдың басында ғана салынды. Биыл наурыз айында алғашқы 50 тонна уран өндірілді.

Осы стратегиялық жүрістен кейін, 2-3 жыл айналасында қазақ жеріндегі уран өндірісі бойынша Ресей Қазатомпроммен теңеседі, ал 5-7 жылда, егер басқа ойыншылардың үлесін астыртын сатып ала бастаса, тіпті бізден артық өндіре бастауы мүмкін.

Росатом "Буденовское" кенішінің 49 пайызына иелік ететін Степногорск тау-химия комбинатын (СТХК) Яков Клебанов пен Василий Анисимовтан сатып алды. @NRG_monitor дерегі бойынша, салықтарды есептегенде мәміле құны 1,6 миллиард долларды құраған. Росатом үшін бұл тамаша келісім. Ал Қазақстанға одан еш пайда түспеді.

Клебановтар кезінде осы комбинатты Кәрім Мәсімовтың көмегімен арзанға алған еді.


Бұл жердегі басты сұрақ, неге қолында басым опционы бар Қазатомпромға осы акцияларды сатып алуға мүмкіндік берілмеді?

DALA INSIDE телеграм арнасының хабарлауынша Россотрудничествоға Росатомның қазақ уранының жартысын қолына түсіруіне байланысты негативті жуып шаюға тапсырма берілген.

Рекомендовать
Последние новости