Жыл басынан бері Қазақстандағы банктердің активтері 7,8 трлн теңгеге өсті. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, банк активтерінің көлемі 59,2 трлн теңгеге жетті (қаңтар айымен салыстырғанда +15%),деп жазады Dalanews.kz.
Бұл туралы Ұлттық банк жариялаған салалық есебінде қамтылған.
Бұл өсімнің үштен екісіне жуығын алғашқы үштік қамтамасыз етті: Halyk Bank (+2,45 трлн теңге), Kaspi Bank (+1,1 трлн теңге) және ЦКБ (+1,36 трлн теңге). Санкциядағы ресейлік банктің "еншілес ұйымы" ВТБ-Қазақстанды қоспағанда, бір жыл ішінде барлық банк бұл жағынан "плюске" шықты. Ресейлік банктің еншілесі 5,2 млрд теңге активін жоғалтты.
Банктердің несие портфелі 5,1 трлн теңгеге (+17%) өсті. Бұл ретте мерзімі өткен үмітсіз несиелердің үлесі бірден 863,8 млрд теңгеден 1,13 трлн теңгеге дейін үштен бірге өсті. Бұл қазақстандық банктердің жалпы несие портфелінің 3,22%-ын құрайды (қаңтарда 2,89%).