Қазақстандағы 48 үздік мұғалім миллионер атанды

Dalanews 02 окт. 2014 06:07 959

Қазақстанның үздік мұғалімдері миллионер атанды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен «2014 жылдың үздік педагогі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


ҚР БҒМ Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаеваның айтуынша, байқау биылғы сәуірде бастау алды. Оған 5,6 мың мұғалім қатысып, республикалық кезеңге 200 оқытушы өтті.


«Осының ішінде 48 мұғалім республикалық кезеңде байқаудың жеңімпазы болып танылды. Олардың арасында түрлі пәндердің педагогтары бар. Осы орайда оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізіп жатқан мұғалімдер үздік деп танылды. Жалпы бүгінгі марапатталып отырған оқытушылар білім саласына елеулі үлес  қосып отырғандар», - деді ол.


Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 48 жеңімпаздың 32-сі мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің педагогтары, ал қалған 16-сы техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің мамандары.


Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздарға «2014 жылдың үздік педагогі» төс белгісі мен 1 млн. 852 мың теңге мөлшерінде сыйақы тапсырылды.


Автор: Зейнолла Абажанов


Рекомендовать
Последние новости