Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды

Сағыныш Сардарова 14 апр. 2025 17:41 755

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады. Сондай-ақ, порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады. Әлеуметтану бағытындағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйелеу индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді", - деп жазылған хабарламада.

Антикор мәліметінше, бұл ресурста «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» қамтылған, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінде тұрған лауазымдар тізімі және мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қамтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Сенатта өткен брифингте Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев сыбайлас жемқорлар тізімін әзірлеу жобасы туралы айтты. Бұл ұсыныс қаңтарда қарауға жіберілген.

"Тізілімде жемқорлар соттың күшіне енген үкімінен кейін немесе өзге де шешімдерден (мысалы прокуратураның шешімі) кейін ғана көрсетіледі. Бұл тізілім заңнамамен реттелуі керек. Заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр", - деді Антикор төрағасының орынбасары бұған дейін.


Рекомендовать
Последние новости