Қазақстанда ауа райы нашарлады: жол жабылып, оқушылар онлайн оқи бастады

Көркем Алдабергенова 07 нояб. 2024 09:14 1847

Бірнеше өңірде жол жабылуына байланысты ТЖМ жедел желі телефонын іске қосты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген. 

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ мыналарды ұсынады:

  • алыс сапарлардан аулақ болу;
  • ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
  • елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
  • жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
  • мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу. 

Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірдегі оқушылар онлайн оқуға көшті.

  • Қарағанды облысының білім басқармасы 7 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты келесіні хабарлайды:

бірінші ауысым 0-11 сынып оқушыларының, 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі.

Балқаш және Приозерск қалалары штаттық форматта оқиды.

  • Ақмола облысында: 1 ауысым 0-11 сыныптар: Астрахан, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Есіл аудандарындағы қала мектептері, Жарқайың ауданының мектептері, Сандықтау ауданының 2 мектебі.

0-9 сыныптар: Қосшы қаласы, Целиноград, Степногорск қаласы, Егіндікөл, Біржан сал, Аршалы аудандары.

1-4 сыныптар: Көкшетау қаласы, Зеренді ауданы.

  • Павлодар облысында 7 қарашада бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының және 1-2 курс колледж студенттерінің сабақтары қашықтан оқу форматына ауыстырылады.  

Рекомендовать
Последние новости