Қазақстанда атышулы кен орны сатылымға қойылды

Көркем Алдабергенова 06 мар. 2024 12:39 4401

Обуховское кен орны сатылымға қойылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аукцион 15 мамырда басталады. Қатысуға өтініштер 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында қабылданады. 

Әлеуетті жер қойнауын пайдаланушының алдындағы міндеттемелер ретінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен келісілген жұмыс орындарын, әлеуметтік пакетті және жалақыны сақтау көрсетілген.

Міндеттемелерге сонымен қатар мыналар кіреді: металлургия өнімдерін өз өндірісінде өңдеу және өндіру немесе елде зауыт салу; экспорттық бағадан аспайтын баға бойынша отандық кәсіпорындардың сұраныстары шеңберінде шикізатты (концентратты) қамтамасыз ету; кен орнын тереңдете игеруді қамтамасыз ету, жер асты суларына әсерін жою және суды қорғау шараларын жүргізу.

Жаңа меншік иесі бұрынғы пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға тиіс. Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына кемінде 38 000 АЕК (140,2 млн. теңге) көлемінде жарналар енгізуі керек.


Рекомендовать
Последние новости