Қазақстанда алғашқы штамптау өндірісі пайда болады

Қаракөз Амантай 04 июн. 2025 14:12

Қазақстанда алғаш рет автокөлік өнеркәсібіне арналған кузовтық бөлшектерді шығаратын штамптау өндірісі іске қосылды. Жоба Саран қаласындағы QazTehna зауытында жүзеге асырылып жатыр. QazTehna - автобус пен коммерциялық техника шығаратын отандық жетекші кәсіпорын. Жоба толық өндірістік циклді, толық циклді дамытуға және елдің индустриялық базасын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жобаның жалпы инвестициялық көлемі екінші кезеңді қоса есептегенде 20 миллиард теңгеден асады. Өндірістік алаңды дайындау жұмыстары компанияның өз қаражаты есебінен жүргізілсе, ал жабдықтарды сатып алу Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа өндірістік корпус 10 000 астам шаршы метр аумақты құрайды және елімізде баламасы жоқ гидравликалық штамптау прессімен жабдықталады. Бұл заманауи жабдық автобустардың металл бөлшектерінің кең спектрін шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның іске асырылуы отандық құрамдас бөліктердің үлесін едәуір арттырып, өңірде жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады.

Жобаның ерекшеліктерінің бірі  металлургиялық комбинат Qarmet өндіретін 08КП маркалы қазақстандық мырышталған болатты қолдану. Аталған өнім халықаралық сертификаттаудан сәтті өтіп, сапа жағынан әлемдік стандарттарға сай келетінін дәлелдеді. Бұл импортты алмастыру және технологиялық тәуелсіздікке бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Бастапқы кезеңде штамптау желісі Yutong маркалы қалалық, туристік және мектеп автобустарына арналған кузовтық бөлшектерді шығарады. Кейіннен өндіріс аясын кеңейтіп, HOWO маркалы коммерциялық техникаға арналған бөлшектер де өндірілетін болады.

Қазіргі таңда өндіріс алаңында жабдықтарды орнату және құрылыс жұмыстары қатар жүргізілуде. Өндірісті іске қосу 2025 жылдың тамызына жоспарланған.

Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында айтылған өнеркәсіптік әлеуетті арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттеріне толық сай келеді. Сонымен қатар ол машина жасау саласында технологиялық кластерді қалыптастыруға, жергілікті жеткізушілер мен аралас өндірістерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.


Рекомендовать
Последние новости