Мәдениет және ақпарат министрлігі депутаттық сұрауға берген жауабында тыйым салынған интернет-ресурстармен күрес шаралары туралы мәлімет берді деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрліктің хабарлауынша, биылғы жылдың басынан бастап азаматтарды ақпараттық кеңістікте қорғау мақсатында министрлік интернет алаяқтыққа қатысты 7964 материалды анықтаған.
«Тексеру нәтижесінде 6087 интернет-ресурс пен сілтемеге қолжетімділікті шектеу туралы 179 талап берілген, сондай-ақ құқыққа қарсы материалдар жарияланған сайттарға үш ескерту жолданған», – делінген жауапта.
Сонымен қатар, қылмыстық мақсатта онлайн-платформаларды пайдалануды азайту мақсатында мониторинг жүргізу барысында әлеуметтік желілер әкімшілігіне интернет алаяқтыққа қатысты 1874 материал бойынша 145 хабарлама мен ескерту жіберілген.
