Қазақстанда 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесі жарияланды

Самал Асқар 27 мар. 2026 19:50

Қазақстанда 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі әзірленді, деп хабарлайды DalaNews.

Құжатты Туризм және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен бірлесіп дайындаған. Биылғы күнтізбеге ел бойынша өтетін 55 ірі іс-шара енгізілген. Олардың қатарында мәдени, этномәдени, гастрономиялық, спорттық және экологиялық бағыттағы шаралар бар.

Жыл басынан бері бұл тізімдегі бірқатар іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып үлгерді. Атап айтқанда, Burabay Ice фестивалі, Astana Symphony концерті, қысқы дрифт кубогы, «Амал келді – жыл келді» мерекесі және Шымкентте өткен «ДәмДәстүр» халықаралық гастрономиялық фестивалі мыңдаған көрермен мен туристі жинады.

Министрліктің мәліметінше, енді барлық ақпарат бір платформада шоғырланған. Іс-шаралардың толық тізімі, өтетін күндері мен орындары арнайы сайтта жарияланған. Бұл туристерге өз сапарын алдын ала жоспарлап, қызықты бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove