Қазақстандықтар үш күннен әлі екі рет демалады

Сағыныш Сардарова 27 мар. 2026 11:16

Қазақстанда келесі ұзақ мерекелік демалыс мамырда болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алғашқы демалыс Қазақстан халқының бірлігі күніне орай беріледі. 1 мамыр жұмаға түсетіндіктен, азаматтар сенбі және жексенбімен қосқанда үш күн қатарынан демалады.

Мамырдағы келесі демалыс кезеңі айдың ортасында басталады. Алдымен 7 мамыр, бейсенбі күні Отан қорғаушылар күніне байланысты демалыс беріледі. Осы аптаның ішінде тағы бір ұзақ демалыс күтіп тұр.

9 мамыр сенбіге сәйкес келгендіктен, заңға сай демалыс күні 11 мамырға, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, мамырдың ортасында ел тұрғындары сенбіден дүйсенбіге дейін үш күн қатарынан демалады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove