Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд долларға жетті – ҚХР елшісі

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2026 17:13

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь екі ел арасындағы тауар айналымы 11%-ға өсіп, 48,7 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол алдағы бес жыл Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының дамуы үшін маңызды кезең болатынын атап өтті.

Елшінің айтуынша, екіжақты визасыз режимнің енгізілуі оң әсерін тигізіп отыр. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан.

«Екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі өз нәтижесін беріп жатыр. Адамдар ағыны айтарлықтай өсті. “Қорғас” шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығындағы тәуліктік жолаушылар саны 30 мың адамға жуықтады», - деді Хань Чуньлинь.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove