"Жүк көлігіне көмектеспек болған". Алматыда жігітті соққыға жыққандар ұсталды

Сағыныш Сардарова 27 мар. 2026 17:22

Алматыда Өжет шағынауданында жігітті соққыға жыққандар ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жігіт соққыға жығылғаны көрінетін видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен жігіт жүк көлігінің артқа жүруіне көмектескен сәтте белгісіз адамдардың шабуылына ұшыраған.

Алматы полициясының мәліметінше, шабуылға қатысқандар ұсталған. Оларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша іс қозғалған.

"Жол үстіндегі жанжал дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқан барлық адам жедел анықталып, ұсталды. Әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove