Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылғаны түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда бірнеше адамның бір азаматқа күш қолданғаны байқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Kris P Almaty дереккөзінің мәліметінше, оқиға Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Өжет ықшамауданында болған. Айтуынша, зардап шеккен жігіт жүк көлігінің артқа жүруіне көмектескен сәтте белгісіз адамдардың шабуылына ұшыраған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен оған қатысы бар тұлғалар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Dalanews.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласы полиция департаментіне сауал жолдады.
