Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің бірінші кезеңін салу үшін 270 жер учаскесі мәжбүрлі түрде мемлекет қажетіне алынады. Тиісті құжатқа қала әкімі Дархан Сатыбалды қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл шара Жетісу, Алмалы, Әуезов және Алатау аудандарын қамтиды.
Жоба Алматы-2 теміржол вокзалынан Мөңке би көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Жерді алу рәсімін 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ал құрылыс жұмыстары 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізіледі.
Жер және жылжымайтын мүлік иелеріне заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
