Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру жасы артып келеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми деректерге қарағанда, 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 75,44 жас болған.
Қала тұрғындары ауыл халқына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Мәселен, қалада бұл көрсеткіш 76,63 жас болса, ауылда – 74,81 жас.
Әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді. 2025 жылы әйелдердің орташа жасы 79,8 жасқа жетсе, ерлердің көрсеткіші 72,19 жас болған.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы (78,83 жас) мен Астана қалаларында (78,78 жас) тіркелген. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.
