A’Studio тобының экс-мүшесі Мәскеуде ұсталды - БАҚ

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2026 14:49

A’Studio музыкалық тобының бұрынғы мүшесі Тамерлан Садвақасов Мәскеуде мас күйде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, оны таңғы сағат 5 шамасында Волоколам тасжолында жол ережесін бұзғаны үшін жол полициясы тоқтатқан. Өнер адамы медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан, кейін бөлімшеге жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Тамерлан Садвакасов - гитарист әрі вокалист, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садвақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін оның орнын топ құрамында басқан. Кейін өз музыкалық жобасын құрды.

Бағлан Садвакасов A’Studio тобының гитарисі әрі көптеген танымал әндердің авторы болған. Ол 1990-жылдары мен 2000-жылдардың басында топтың музыкалық стилінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан. Музыкант 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде жол апатынан қаза тапқан.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove