Қазақстан Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауға келісім жасасып жатыр

Dalanews 30 авг. 2024 08:37 5291

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Усмонзода Усмоналимен және Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Манучехр Сафарзодамен энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Сәтқалиев Тәжікстан тарапының электр энергетикасындағы ынтымақтастық ниетіне оң көзқараста екенін атап өтті.

Тараптар былтыр 2023-2032 жылдар аралығында «Рогунская ГЭС» ашық акционерлік қоғамы өндіретін электр энергиясын жеткізу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған еді.

«Меморандум шеңберінде Өзбекстан Республикасының электр желілері бойынша электр энергиясын транзиттеудің техникалық мүмкіндігі мен келісілген режимдері барын ескере отырып, Рогунск ГЭС-інен Қазақстанға электр энергиясының ықтимал экспортының техникалық параметрлері мен коммерциялық шарттарын қарастыру жоспарланғанын атап өткім келеді», - деп атап өтті А.Сәтқалиев.

Тараптар 2024 жылғы 15 қазанға дейін Орталық Азия елдерінің мүдделі ұйымдарымен іргелес мемлекеттердің энергия жүйелері арасындағы электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеуге шарттар жасасу мүмкіндігін пысықтауға келісті.


Рекомендовать
Последние новости