Қазақстан Ресеймен дос елдер рейтингінде түсіп кеткен

Көркем Алдабергенова 27 февр. 2024 16:46 2020

Қазақстан Ресеймен дос елдер рейтингінде түсіп кеткен. Бұл туралы ресейшіл медиада айтылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

«Достық ұғымы, зерттеу авторларының пікірінше, өзара сыйластыққа, ортақ мүдделер мен тату көршілікке негізделген елдердің қарым-қатынасын болжайды», - делінген жазбада.

Телеграм-арна мәліметінше, бүгінде Ресей Федерациясымен жақын дос елдер қатарында Оңтүстік Осетия, Беларусь пен Абхазия бар. Бұл елдер ұлттық коммуникацияларды дамыту ғылыми-зерттеу институтының рейтингісіне сәйкес көшбасшылар үштігіне кірген.

Одан кейінгі орындарға – Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан жайғасқан. Ал Қазақстан сегізінші орында. Тізім соңында – Түрікменстан мен Армения.

«Жақында біздің елімізде жиілеп кеткен Ресейге қарсы шабуылдар, елді мекендердің атауын өзгерту, орыс тіліндегі телехабарлардың азаюы-осының бәрі осындай қайғылы салдарға әкеледі. Ресей сияқты қуатты көршімен бірге өмір сүрген дұрыс», - делінген жазбада.

Айта кетейік, ресейлік белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің аясы таралып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді. Оның бұл мәлімдемесі қызу талқыға түсті. 

Көлік министрлігі кейбір теміржол бекеттерін (Косшокуды - Қосшоқыға, Сай-Утесті - Сайөтеске; Өзенді - Жаңаөзенге, Уралды - Оралға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған болатын.Тина Канделаки Telegram-дағы жеке парақшасында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр деп пікір жазды.

Кейіннен СІМ ресейлік журналист Тина Канделаки Қазақстанға кірмейтінін айтты. Артынша Тина Канделакидің Қазақстандағы бизнесі тоқтап қалды.  


Рекомендовать
Последние новости