Ақшұқыр ауылының жұмыссыз азаматтары да "West Oil" мекемесіне жұмысқа орналастыруды талап етуде

Сағыныш Сардарова 23 февр. 2024 14:42 2117

23 ақпанда Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының жұмыссыз тұрғындары да бейнеүндеу жолдады, - деп хабарлайды Dalanews.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеп.

Олар West Oil компаниясында босаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр.

"Отбасымыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, "Қаражанбасмұнай" компаниясының мердігер мекемелеріне жұмысқа орналастыруды сұрап келеміз. Енді "West Oil" мекемесінде пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды талап етеміз!" - делінген бейнеүндеуде.

Айта кетейік, 21 ақпан күні "West Oil" компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 миллион теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын. Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды.

Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты. Осыған дейін әлеуметтік желіде Жетібай және Құрық ауылдарының жұмыссыз тұрғындарының да "Westoil Software" ЖШС босаған орындарға жұмысқа орналастыруды талап еткен бірнеше бейнеүндеуі жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости