255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексерілуі мүмкін

Қаракөз Амантай 21 февр. 2024 10:09 1958

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Министр әртүрлі 100 адамнан 3 айдан артық түскен аударым және жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (255 мың теңгеден) асатын ақшаны мобильді аударым тексеріле бастайтынын атап өтті.

Осы орайда ол кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын еске салды. Мұнда бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, табысы шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 процентке жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл - барлық операцияның 17 пайызы.

Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны төрт есеге өсіп, 2023 жылы 11 айдың ішінде 127,4 трлн теңге болды.


Рекомендовать
Последние новости