Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алады: Цой келісімшартқа қол қойды

Dalanews 26 авг. 2020 07:42 884

Қазақстан Республикасы үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Іссапар барысында ресейлік вакцинаны Қазақстанға тасымалдау туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеп.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті екпені Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын", - делінген  хабарламада.

Айта кетсек, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар сапар барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөз өтті.


Кездесуде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, нәтижелері бойынша ведомстволар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Рекомендовать
Последние новости